Жаңалықтар тізбегі
0

Қызылорда облысында қырым қанды безгегінен 1 адам көз жұмды

Baq.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.08.2018 21:05 Baq.kz
Қызылорда облысында кене шағу жағдайы жиі кездеседі.

Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданында қырым-конго безгегінен 38 жастағы азаматша қайтыс болды, деп хабарлайды Baq.kz.

Қызылорда облысында кене шағу жағдайы жиі кездеседі. Оған себеп ауа райының құбылмалы болуы. Сыр өңірінде күн бірде жылы, бірде салқын қабақ танытып тұр. Мұндай кезде кенелер көбейеді.

«Жалпы Қызылорда облысы бойынша кененің көп кездесуі жөнінен облыстың оңтүстігіндегі Жаңақорған мен Шиелі аудандары алаңдатады. Қайғылы оқиға да сол аймақта тіркеліп отыр. Соңғы жылдарда кененің кездесуі облыстың барлық аймағында да байқалады. Аталмыш науқас 27 шілдеде ауруханаға түскен. Дәрігерлер қолдан келген барлық медициналық көмегін көрсетті. Алайда науқастың өмірін сақтап қалу мүмкін болған жоқ», - деді облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының бас дәрігері Айна Мұхамбетова.

Облыс көлемінде қырым-конго безгегі бойынша қолайсыз елді мекендер саны жылдан жылға артып отыр. Ол 2014 жылы 116 болса, 2018 жылы 127 елді мекенге жетті.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: