Бүгін республиканың басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады
Бүгін атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты республиканың басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады, кей жерде найзағай ойнап, жаңбыр жауады, жел күшейеді, деп хабарлайды Zakon.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.
Оңтүстікте кей жерде дауыл тұрып, түнде және таңертең елдің солтүстігінде және орталығында тұман болады.
Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, күндіз Жамбыл, Түркістан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді.
Қарағанды және Солтүстік Қазақстан облыстарында түнде және таңертең кей жерде тұман болады.
Қызылорда облысының кей жерінде шаңды дауыл тұрады, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді.
Маңғыстау облысының кей жерінде тұман болады. Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарында, Түркістан, Маңғыстау, Қостанай облыстарының кей жерінде қатты ыстық болуы ықтимал.
Қызылорда облысында, Түркістан, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Қостанай, Қарағанды, Жамбыл, Алматы облыстарының кей жерінде жоғары өрт қаупі сақталады.