Түркістандық ер адам жолдасын атып өлтірмек болған
Түлкібас ауданында ер адам жолдасын атып өлтірмек болған, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.
Түркістан облысында жолдасын өлтірмек болған жігітке бірінші рет сот үй қамаққа алу туралы туралы санкция берді.
Атап айтсақ, 2018 жылдың 20 шілдесі күні Түлкібас аудандық ІІБ 28 жастағы жергілікті тұрғын, екі жігіт келген. Келгендердің бірі досының аяғына оқ атқанын мойындайтынын айтқан. Анық болғанындай, екі жолдастыңарасында туындаған жанжал ерегіске ұласып, сосын соңы оқ атумен тынған. Полиция бөліміне келгендердің бірінің аяғы жаралы болған.Бірақ өздігінен жүріп тұра алады. Жаралы жәбірленушіөз досына шын жүректен кешірім беретіндігін, өзін керісінше, кінәлі сезінетіндігін айтқан.
"Барлығы аяқ астынан болды. Жап жақсы отыр едік, бірден сөзбен ілінісіп, жағдай ушығып кетті. Мен өзімді ұстай алмай, ашумен қолымдағы бұрағышпен жолдасыма тап бердім. Ол мені мылтық атып тоқтатпақ болды", - деп мәлімдеген жәбірленуші.
Аталған фактіні полицейлер сотқа дейінгі тергеуге ҚР ҚК-нің 99 бабының 1-ші бөлігі, "қасақана кісі өлтіруге талпыну" бабымен, ҚР ҚК нің 24 бабы 3-ші бөлігімен тіркеген. Күдікті қамауға алынды. Санкция беру кезінде прокурордың өзі бас бостандығынан айырмайтын жаза сұраған.Сот барлық мән жайды есепке ала отырып, айыпталушыға тергеу кезінде екі айға үй қамаққа алуға санкция берді. Қазіргі таңда жәбірленуші мен күдікті тергеу амалдарына бірге қатысып, бірге барып, бір бірі үшін уайымдап жүр.