Әуежай дәретханасында адам эмбрионы табылды

www.qamshy.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.08.2018 18:57 www.qamshy.kz
Ұрық табылған жерге полиция қызметкерлері келді.

American Airlines әуе компаниясының қызметкері Нью-Йорктегі Ла-Гуардия әуежайында тазалық жұмыстарын жүргізу барысында дәретханада адам эмбрионын тауып алған, деп хабарлайды qamshy.kz, РИА Новости жазған ақпаратқа сілтеме жасап.

Өлі ұрық Шарлоттадан (Солтүстік Каролина штаты) түнгі рейспен Нью-Йорк әуежайына қонғаннан кейін табылған.

Ұрық табылған жерге полиция қызметкерлері келді. Олар істі прокуратураға жіберді.

«Біз бұл жағдайды тексеріп, құқық қорғау органдары қызметкерлерімен жұмыс істеп жатырмыз», - дейді American Airlines өкілі.

Әуежай өкілдері Twitter парақшасында аталмыш рейспен ұшқан ұшақ тексеріліп жатқандықтан рейстер кешігіп жолға шығатынын ескертті.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: