Жаңаөзен тұрғынынан ақ ұнтақ салынған 15 бума табылды

Полицейские, сотрудники полиции, полиция, задержание, арест, наручники, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.03.2025 10:33 Фото: Zakon.kz
Жаңаөзенде полиция қызметкерлері Ұлттық ұлан қызметкерлерімен бірлесіп тыйым салынған заттар табылған ер адамды ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тәртіп сақшыларын көргенде өзін күдікті ұстай бастаған азамат "Көктем" шағын ауданындағы үйлердің бірінің маңында тоқтатылды, деп хабарлады ҚР Ұлттық ұланының баспасөз қызметі.

"Жеке тінту кезінде ұсталған азаматтан қара лентамен оралған ақ түсті ұнтақты зат салынған 15 пакет табылды", – деді әскери бөлім бастығы Оңғарсын Ақмұратов.

Анықталғандай, ер адам бұған дейін де бірнеше рет қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Қазір бұл факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Бұған дейін Ақтауда екі ер адам мен бір әйел жалдамалы пәтерде есірткі өндіргені үшін ұсталған болатын. Тінту кезінде олардан алдын ала оралған "бетбелгілері" салынған бес полиэтилен пакеті тәркіленді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: