ШҚО полицейлері тұрғынның үйінен заңсыз қару тәркіледі

ШҚО полицейлері тұрғынның үйінен заңсыз қару тәркіледі , сурет - Zakon.kz жаңалық 03.10.2023 16:25 Сурет: ҚР ІІМ
Ұлан аудандық полиция бөлімі қызметкерлері заңсыз қару ұстады деген күдікті ер адамды ұстады.

36 жастағы күдіктінің үйі мен гаражын тінту кезінде жедел уәкілдер екі мылтықты, оқ-дәрілерді және мылтықтың құрамдас бөліктерін: шүріппе, сағақ және ұңғыны тауып, тәркіледі. Сараптамаға сәйкес, тәркіленген заттар барлығы атуға жарамды.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 287-бабы 3-бөлігімен (Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, аталған бап 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді. Қазір тәртіп сақшылары ер адамның қаруды қандай мақсатта сақтағанын анықтап жатыр.


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: