ШҚО полицейлері пробациялық бақылаудан жасырынған екі сотталғанды қолға түсірді
Сурет: ҚР ІІМ
Глубокое ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері пробациялық бақылаудан жасырынған екі шартты түрде сотталған адамды ұстады.
2022 жылы Өскемен қаласының №2 соты Глубокое ауданының 32 жастағы тұрғынын ұрлық жасағаны үшін 3 жыл және 6 ай бас бостандығын шектеу туралы үкім шығарған.
Алайда сот үкімін елемей, азамат пробациялық бақылаудан қасақана жасырынған, содан кейін оған іздестіру жарияланған.
"Іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полицейлер оны Өскемен қаласындағы жалдамалы пәтерде ұстаған. Екінші есептегі тұлғаны да жедел уәкілдер Глубокое ауылында жалдамалы үйден ұстады. Іздестірудегі адам ҚР ҚК-нің 191 бабы (Тонау) бойынша шартты түрде жазасын өтеп жатыр", – дейді ШҚО ПД бастығы полиция Ерлан Омарбеков.
Қазіргі уақытта күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Айта кетейік, жыл басынан бері Шығыс Қазақстан құқық қорғау органдары іздестірудегі 80-нен астам қылмыскерді ұстады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript