Жаңалықтар тізбегі
0

Алматы полицейлері тағы бір қалта ұрысын қолға түсірді

Қоғамдық көліктерде ұрлық жасаған адам ұсталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.02.2023 12:04 Сурет: pixabay
Әуезов аудандық ПБ-ның полиция қызметкерлері қалта ұрлығымен айналысқан 27 жастағы азаматты ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Полицейлердің айтуынша, 1996 жылы туған Ж. есімді азамат, 118-бағыттағы қоғамдық көлікте Саин көшесі мен Райымбек даңғылының қиылысында, IPhone телефонын ұрлап кеткен, нәтижесінде 300 мың теңге материалдық шығын келтірген.


"Біздің бөлімшенің арнайы тобы мен Әуезов аудандық ПБ-ның қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде күдікті ұсталды. Аталған дерек ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Күдікті бұрын да осыған ұқсас қылмыстар үшін сотты болған. Қазір күдіктінің қалада бұрын да жасалған осындай қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталыып жатыр. Ұсталған азамат уақытша ұстау изоляторына қамалды".Алматы қалалық ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Қуатбек Науатов.

Сонымен қатар, Әуезов аудандық полициясы, биылғы жылдың басынан бері Әуезов ауданында 19 қалта ұрлығы тіркелгенін хабарлады. Негізінен, ұрылар қоғамдық көліктердің ішінде адам көп жиналған уақытта жүреді.

Біздің бөлімше қызметкерлері қалта ұрыларының алдын алу мақсатында арнайы науқан өткізіп, ескерту плакаттарын ілді және арнайы буклеттер таратты. Әдетте, қалта ұрылары негізгі жолаушылар ағыны болатын таңертеңгі және кешкі уақытта аялдамалар мен қоғамдық көлік бағыттарында ұрлық жасап жүреді. Олардың құрбандары көбінесе әйелдер мен қарт адамдар болады. Мұндай науқанды өткізудің маңыздылығын қала тұрғындары жоғары бағалап, қоғамдық орындарда қырағылық қажеттігін атап өтті, – деді, Әуезов аудандық полиция басқармасының бастығы Ұлан Әбілқайыр.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: