Төле, Қазыбек және Әйтеке билердің аты берілген шыңдарды альпинистер бағындырады

www.inform.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.08.2018 15:10 www.inform.kz
Биік шыңдарды бағындыруға бет алған альпинистерге Түркістан облысының ақсақалдары батасын беріп, салтанатты түрде шығарып салды.

Түркістан облысындағы «Сайрам-Өгем» ұлттық паркі аумағындағы үш шыңға Төле, Қазыбек және Әйтеке бидің аттарымен аталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өңірле «Бұл - біздің таулар!» фестивалі басталды. Үш күнге созылатын іс-шара «Сайрам-Өгем» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі аумағында өтеді. Облыс әкімдігінің ұйымдастыруымен қолға алынған фестивальге Қарағанды, Ақтөбе, Түркістан облыстарынан және Шымкент қаласынан 30-ға жуық альпинист арнайы келді.

Биік шыңдарды бағындыруға бет алған альпинистерге Түркістан облысының ақсақалдары батасын беріп, салтанатты түрде шығарып салды.

Бұл іс-шараның мақсаты - ішкі, спорттық-экологиялық туризмді дамыту, облыстың туристік әлеуетін насихаттау және «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру.

Биылғы фестиваль қазақ халқының ұлы қайраткерлері - Төле, Қазыбек және Әйтеке биге арналған.

Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 3 шыңға 3 бидің аты беріліп, альпинистер сол 3 шыңды бағындырады.

Фестиваль аясында велошеру және ұлттық спорт түрлерінен сайыстар өтеді. Сонымен қатар, концерттік бағдарлама да бар.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: