Жаңалықтар тізбегі
0

"Балаларына не дейміз?" Алматыда автобус қағып мерт қылған ерлі-зайыпты жерленді

автобус апаты, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.12.2023 21:57 Сурет: видео скрині
Алматыда автобус қағып мерт қылған ерлі-зайыптыны туыстары соңғы сапарға шығарып салды. Мектепте қазақ тілі мен әдебиетінен сабақ берген марқұмдардың жұмыстан шығып, енді ғана үйіне бет алған кезі екен, деп хабарлайды Zakon.kz.

Біріне бауыр, біріне келін. Тағы біреуіне жол көрсетер аға, ал 4 бірдей балаға ата-ана. Марқұм Талап Қасымов пен жұбайы Гүлжахан Ырсымбаевадан жақындары қапыда айырылып қалғанына әлі сенбейді. Қайғыдан қан жұтқан ағайын-туыстың марқұмдарды жер қойнына тапсырып келген беті осы. Артында аңырап 4 баласы қалған. Екеуі әлі кәмілет жасына да толмапты, деп хабарлады КТК телеарнасы.

"Үнемі екеуі бірге жүретін еді, сол күні де екеуі ойында ештеңе жоқ, балалары үйде күтіп отырғанын біледі, асығып келе жатқан ғой. Жолда көлік тоқтатып тұрды. Тура қосақтасып екеуі . Балалары түсінбейді әлі, олар біз келгенімізге қонақ деп, жүгіріп ойнап жүр, ертен мына адамның бәрі кеткеннен соң, не деп жауап береміз? Мамасын сұраса, папасын сұраса, не деп айтамыз?"Гүлнәр Тұрсынбекова, туысы

Ерлі-зайыптылар оқуға бірге түсіп, бірге аяқтаған. Жұмысқа да қол ұстасып бірге кіріпті. Екеуі қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі. Сол күні мектептен шығып үйге қарай беттеген. Жол жиегіне тұрып, қала сыртына жүретін көлікті күткен. Сөйтіп ойламаған жерден автобустың астына түсіп ажал құшты.

"Қатты жылдамдықпен келді деді ғой, қашқан адамдарды көрдім. Қашып құтылғандар бар. Құтыла алмай қалған ғой, біздің балалар. Полиция қызметкерлері куәлігін алған да, тыныш отыра берген. ЖСН , басқасы бар, қазір дамыған кез ғой, бірден түнде хабарламай ма?!"Абдулла Құрбанов, туысы

Балаларының ең үлкені – 23, екіншісі – 18 жаста. Үшіншісі – 9-сынып оқушысы, ал кенжесінің жасы бесте. Артында шырылдап қалған олар тергеудің әділ жүріп, күдіктінің қатаң жазаға тартылуын талап етіп отыр.

"Артында балдары қалды ғой. Кішкентай баласының өзі 5-6 жаста. Ол күнде мамасын сұрап отыр. «Неге мектептен қайтпайды» дейді. "Мамам қашан келеді" деп отыр. Барынша өзінің жазасын алсын. Ол қылмыс қой барып тұрған! Бір адамды емесғ бірнеше адамды басып өткен. Келіп, тіпті кешірім сұрамаған адамдарға не деп айтамыз? Автобус паркінен де келмеді ғой, ешкім..."Сүйінбай Оңғарбеков, туысы

Қара жамылған отбасы автобус паркінен өтемақы төлеуді де талап етеді. Бірақ ол ұзаққа созылатын сыңайлы. Автопарктегілер бүгін бізге де жауап берген жоқ.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: