Жаңалықтар тізбегі
0

Салық төлеуден жалтарған өңірлер белгілі болды

www.inform.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.08.2018 23:21 www.inform.kz
Республика бойынша жалпы борышкерлер саны 1 409 864 адамды құрайды.

ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті ағымдағы жылдың 1 тамыздағы жағдай бойынша жеке тұлғалардың төленбеген салығының жалпы сомасы 19,4 млрд теңгені құрайтынын жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ағымдағы жылдың 1 тамызындағы жағдай бойынша, жеке тұлғалардың төленбеген салығының жалпы сомасы 19,4 млрд теңгені құрайды. Уақытында төленбегендіктен, есептелген өсімпұл сомасы - 7,5 млрд теңге. Осылайша жеке тұлғалардың салық берешегінің жалпы сомасы 26,9 млрд теңгені құрап отыр. Ағымдағы жылдың басымен салыстырғанда жеке тұлғалар бойынша берешек 6,7 млрд теңгеге немесе 52 пайызға өсті», - делінген комитет таратқан ақпаратта.

Сонымен, аталған ведомство мәліметіне сәйкес, жеке тұлғалар бойынша салық берешегінің ең үлкен сомасы мына аймақтарда тіркелген:

Алматы қаласында жалпыреспубликалық салық берешегі сомасынан 7,2 млрд теңге немесе 27,0 пайыз;

Астана қаласы жалпыреспубликалық салық берешегі сомасынан 3,6 млрд теңге немесе 13,3%;

Алматы облысы жалпыреспубликалық салық берешегі сомасынан 3,1 млрд теңге немесе 11,4%;

Түркістан облысы жалпыреспубликалық салық берешегі сомасынан 2,7 млрд теңге немесе 9,9%;

Қарағанды облысы жалпыреспубликалық салық берешегі сомасынан 1,8 млрд теңге немесе 6,8%.

Республика бойынша жалпы борышкерлер саны 1 409 864 адамды құрайды. Бұл ретте жылдың басымен салыстырғанда төлемеушілер саны 179 484 адамға немесе 14,6 пайызға ұлғайған.

Борышкерлердің ең көбі мына аймақтарда тіркелген:

Алматы облысында - 212 180 жеке тұлға;

Түркістан облысында - 209 239 жеке тұлға;

Астана қаласында - 137 574 жеке тұлға;

Алматы қаласында - 127 219 жеке тұлға және Жамбыл облысында - 120 016 жеке тұлға.

«Жеке тұлғалардың көлік салығы 20,2 млрд теңге немесе салық берешегінің жалпы соммасының 75,1 пайызын құрайды. Бұл ретте көлік салығы бойынша борышкерлер саны - 842 213 адам. Көлік салығы бойынша ең үлкен берешек соммасы мына аймақтарға тиесілі: Алматы қаласында 4,9 млрд теңге; Астана қаласында 3,0 млрд теңге; Түркістан облысында 2,2 млрд теңге; Алматы облысында 2,0 млрд теңге; Жамбыл облысында 1,5 млрд теңге», - деп атап өтеді комитеттің баспасөз қызметінен.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: