Жаңалықтар тізбегі
0

Астанада алаяқ өсіммен қайтарамын деп 700 мың теңгені иемденіп кеткен

inform.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.08.2018 17:16 inform.kz
Аталмыш оқиғаға қатысты ҚР ҚК-нің 190-бабы, 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталып кетті, деп мәлім етті қалалық ІІД-нің баспасөз қызметі.

Астана полициясы тұрғындар «ақшаны еселеп, өсіммен қайтарамын» дейтін алаяқтарға алданып қалуға қатысты оқиғалардың жиілеп кеткенін хабарлайды. Қылмыскерлер ақшаны онлайн әмиянға аударды сұрайды деп жазады Қазақпарат.

Осылайша, 20 тамыз күні полицияға қала тұрғыны келіп, маусым айында белгісіз біреу Астананың бизнес орталықтарының бірінің атынан «ақшаны үстеме пайызбен қайтарамын» деп алаяқтық жолмен 700 мың теңгені иемденіп кеткен айтып шағымданған.

Аталмыш оқиғаға қатысты ҚР ҚК-нің 190-бабы, 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталып кетті, деп мәлім етті қалалық ІІД-нің баспасөз қызметі.

Алаяқтар азаматтарға берілген ақшаны белгілі уақыттан кейін үстеме пайызбен қайтаратынына сендіреді. Ақшаны қалайша өсіммен қайтады деген сауалға «букмекерлік кеңселер мен биржаларға тігетінін» айтады да. Алайда қолдарына қажетті қаражат түскен соң, телефондарын өшіріп тастайды.

Мысалы, 21 тамыз күні полицияға 27 жастағы келіншек келіп арызданған. Ол ғаламтордан несие алуға көмектесу туралы хабарландыруды көріп, абоненттің ұялы телефонына төлем терминалы арқылы 15 мың теңге аударған. Ақшаның аударылғаны расталған бойда алаяқтардың телефондарын өшіріп тастаған. Алдаудың кең таралған түріне алдын ала төлем жасап қою жатады.

Мұндай жағдайда сатып алушы ақша аударып, ақшасы төленген тауар берілмей қалуы мүмкін немесе бағасы арзан тауар келеді. Осылайша, алаяқтардың бірі Астана қаласының тағы бір тұрғынына интернет желісінің көмегімен мобильдік банкинг арқылы алаяқтық жолмен ақшалай қаражат аудартқызған.

Азамат автобөлшектерді сатып алу үшін есепшотқа алдын ала төлем аударған. Енді ақша да, тауар да жоқ. Дәл осы деректердің барлығына қатысты тәртіп сақшылары кешенді жедел-іздестіру шараларын жүргізіп жатыр.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: