Баукеспе ұры көлікті тонау үстінде ұсталды – Алматы ІІД
Baq.kz
Полиция бөлімшесінде бұл іс бойынша алынған айғақ заттардың тергеу ісіндегі материалдарға қосылғандығы айтылды.
Қылмыс түнгі сағат үштер шамасында Алматының Түркісіб ауданындағы «Жұлдыз» шағын ауданында орын алған, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.
«36 жастағы И. есімді азамат бұған дейін өзгенің мүлкін қолды қылғаны үшін бірнеше рет сотталған. Ол осы шағын ауданның көпқабатты үйлерінің бірінің алдында тұрған «Фольксваген» маркалы автокөлігінің сол жақ терезесін сындырып, ішіндегі бейнетіркеуішті ұрлаған. Дегенімен ол ұрлық үстінде ұсталды. Қазір ҚР ҚК 188 бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Бұған дейінгі қылмыс жасағанын есепке ала отырып, оның өзге де қылмысқа қатысының бар-жоқтығы тексеріледі», -дейді полиция полковнигі Нұрлан Ысқақов.
Сонымен қатар, полиция бөлімшесінде бұл іс бойынша алынған айғақ заттардың тергеу ісіндегі материалдарға қосылғандығы айтылды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript