Жаңалықтар тізбегі
0

Астананың 5 мектебі биыл латын әліпбиіне көшеді

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.08.2018 15:54 zakon.kz
Мұндай жаңа оқу жаңашыл сыныптар Астана әкімінің тапсырмасының негізінде №60 мектеп-лицейі негізінде ашылады.

​Астананың 5 мектебі мен 3 колледжі пилоттық режимде латын әліпбиіне көшіріледі, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі.

Елорданың білім беру саласындағы жаңашылдық туралы Астана қаласының Білім басқармасының басшысы Ануар Жанғозин дәстүрлі тамыз конференциясында мәлімдеді.

«Жаңа оқу жылында ата-аналардан түскен идеяны қолдай отырып, Астанада жаңашыл сыныптарды ашу көзделіп отыр. Жоба мемлекеттік тілді дамытуға бағытталған. Негізгі идеясы орыс тілінде білім алатын сыныптарды кезең-кезеңмен мемлекеттік тілдегі сыныптарға айналдыру. Іс жүзінде бірінші сыныпқа келетін балалар сабақ барысында ақпаратты бастапқы қадамда 70 пайызын орыс тілінде, ал 30 пайызын қазақ тілінде оқитын болса, 5-сыныпқа барғанда оқыту тілі толығымен мемлекеттік тілге көшірілетін болады», - деді Ануар Жанғозин.

Оның айтуынша, мұндай жаңа оқу жаңашыл сыныптар Астана әкімінің тапсырмасының негізінде №60 мектеп-лицейі негізінде ашылады. Сондай-ақ қыздарға арналған «Білім инновация» лицейінде енгізілетін болады.

«Жалпы, Астана қаласы бірінші болып барлық пилоттық жобаларға қатысады. Біздің ұстаздар әрбір өзгерістер мен жаңашылдыққа тез бейімделеді. Осы жылы елордалық білім ордаларында жүзеге асырылатын бірнеше пилоттық жобалар бар. Мысалы, электрондық оқулықтарды пайдалану екі мектепке енгізіледі. Астананың 5 мектебі мен 3 колледжі пилоттық реижимде латын әліпбиіне көшіріледі», - деді ол.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: