Храпуновтың ұлынан БТА банк пайдасына 500 млн доллар өндіріледі
www.inform.kz
Банктің мәлімдеуінше Ильяс Храпунов Швейцария резиденті болғандықтан, бұл елде шыққан шешімді мойындауына тура келеді.
Британдық сот Ильяс Храпуновқа қатысты шешім шығарды. Алматының бұрынғы әкімі Виктор Храпуновтың ұлына БТА банк пайдасына 500 млн доллар төлеуді міндеттеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі қаржы институтына сілтеме жасап.
«БТА банк мәліметінше, активтерді қайтару кезінде жүргізілген жұмыстар нәтижесінде британдық сот үкім шығарды. Ильяс Храпуновқа БТА банкке 500 млн доллар төлеуді жүктеді», - делінген қаржы институты хабарламасында.
Банктің мәлімдеуінше Ильяс Храпунов Швейцария резиденті болғандықтан, бұл елде шыққан шешімді мойындауына тура келеді.
Еске сала кетейік, ерлі-зайыпты Храпуновтарға ұйымдасқан топпен бірге мемлекет меншігін ұрлады, лауазымдық өкілеттікті асыра пайдаланды, алаяқтық жасады, пара алды, қылмыстық жолмен алынған мүлікті заңдастырды деген айып тағылған. Қылмыстық әрекеттерден мемлекетке 250 млн АҚШ долларынан асатын шығын келген.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript