Қостанайда 14 жастағы оқушы 9-қабаттан құлап кетті
inform.kz
Ақпаратты облыстық балалар ауруханасындағылар да растады.
Қостанай қаласында 14 жастағы бала көпқабатты үйдің терезесінен құлап кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оқиға бүгін түс кезінде Қостанай қаласында Алтынсарин көшесінде болған. 14 жасар оқушы үйдің 9-қабатынан құлап кеткен.
Ақпаратты облыстық балалар ауруханасындағылар да растады.
«Жедел жәрдем қызметінің дәрігерлері балаға реанимациялық шаралар жасады. Балалар ауруханасының жарақаттану бөлімінде оған медицининалық қызмет көрсетілді. Ол бізге клиникалық өлім жағдайында түсті», - деді ведомствоның бас дәрігері Игорь Белобржицкий.
Бала ауруханада көз жұмды. Облыстық ІІД баспасөз қызметі аталған жайтқа байланысты ресми мәлімдеме жасаған жоқ.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript