Мұхамедиұлы Павлодарда қайтыс болған шенеуніктің туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады
zakon.kz
Павлодар облысы мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Ардақ Татымбекұлының, оның жұбайы мен баласы қайтыс болды.
Павлодар облысы мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Ардақ Татымбекұлының, оның жұбайы мен баласының қайтыс болуына байланысты ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы туған-туыстары мен жақындарына қайғыларына ортақтасып, көңіл айту жеделхатын жолдады, деп жазады zakon.kz.
Павлодар облысы мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Ардақ Татымбекұлының, оның жұбайы мен баласының қайтыс болуына байланысты туған-туыстары мен жақындарына қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамын. Ардақ Райымбеков еңбек жолын Павлодар облысы Железин ауданы Захаровка жалпы орта білім беру мектебінде қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі болып бастап, сол ауданның және Качиры ауданы әкімінің аппаратында қызмет етті. Ақсу қаласының, Павлодар қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімдерін басқарды. Павлодар облысы әкімінің аппараты басшысының орынбасары қызметін атқарды. 2017 жылдың қыркүйек айынан бастап Павлодар облысы мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы болып қызмет атқарды. Мәдениет саласында еңбек еткен Ардақ Татымбекұлы сондай тұлғалардың бірі болатын. Ардақ мәдениет пен өнерді дамыту жолында бар күш-қайратын сарп етіп, халықтың алғысын алып жүрген асқаралы азаматтардың бірі еді. Тәрбиесі мен бай тәжірибесі өнегелі өмір жолынан анық көрінді. Ол өмірінің соңғы минутына дейін қазақ өнері мен мәдениетінің бағыт-бағдарына жанашыр болып өтті. Ардақ Татымбекұлы жарқын бейнесі барша қазақстандықтардың жүрегінде әрдайым сақталады, -деді Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі А.Мұхамедиұлы.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript