Елбасы Режеп Ердоғанға көңіл айту жеделхатын жолдады
Ақорда
Жер сілкінісі салдарынан 21 адам қайтыс болды.
Нұрсұлтан Назарбаев Түркияның Измир провинциясында жер сілкінісі салдарынан тұрғындардың зардап шегіп, қаза болғаны туралы суыт хабарды күйзеліспен қабылдады, деп хабарлайды zakon.kz Елбасы сайтына сілтеме жасап.
"Қайғыларыңызға ортақтасып, марқұм болғандардың туыстары мен жақындарына, сондай-ақ бүкіл Түркия халқына көңіл айтамын. Зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестігімді білдіре отырып, бауырлас түрік халқының осы ауыртпалықты сабырмен еңсеретініне сенімдімін", – делінген жеделхатта.
30 қазанда - жұмада Түркияның батыс өңірінде 6,6 балдық жер сілкінісі болды. Салдарынан 800-ден аса адам зардап шегіп, 21 адам қайтыс болды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript