Жаңалықтар тізбегі
0

«7-20-25» бағдарламасы аясындағы ең қымбат баспаналар Астанада

ҚазАқпарат, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.08.2018 17:04 ҚазАқпарат
Алайда, бағдарламаға қатысушылар саны жағынан алматылықтар алда келеді.

Астана тұрғындары «7-20-25» бағдарламасы аясында сатып алып жатқан баспананың орташа құны 15 270 000 теңгені құрайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Баспана» Ипотекалық ұйымының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл Қазақстан бойынша ең жоғарғы баға.

Сонымен бірге, Атырау қаласының тұрғындары Алматыға қарағанда қымбатырақ баспаналарды таңдап жатқаны анықталды. Атырау бойынша «7-20-25» бағдарламасы аясында таңдалған пәтердің орташа бағасы 13 480 000 теңге болса, алматылықтар шамамен 12 900 000 теңгелік пәтерлерді дұрыс көреді. Алайда, бағдарламаға қатысушылар саны жағынан алматылықтар алда келеді.

Бағдарлама аясында тапсырыс берілген баспананың ең арзаны Қостанайда. Қостанайдағы үйдің орташа бағасы 7 400 000 теңгені құрайды. Арзан баспанасымен мақтана алатын өңірлердің қатарында Ақтау (баспананың орташа бағасы - 7 900 000 теңге) мен Ақмола облысы (баспананың орташа бағасы - 8 170 000 теңге) да бар.

25 тамыз күнгі мәлімет бойынша, 1803 азамат «7-20-25» бағдарламасына қатысуға ниет білдіріп, 21,3 млрд. теңге сомасына тапсырыс берген. Оның ішінен 14 млрд. теңге сомасына 1190 азаматтың өтініші мақұлданды. Қазіргі таңда, «7-20-25» бағдарламасы аясында Центркредит банкі, АТФБанк, ЦеснаБанк, Bank RBK мен Еуразиялық банк халыққа несие беруде.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: