Роналдо 30 млн еуроға испандық клубты сатып алмақ
Футболдан Бразилия құрамасы сапындаөнер көрсетіп екі дүркін әлем чемпионы атанған Роналдо "Вальядолид" футбол клубын өз қарамағына алмақ, деп хабарлайды Baq.kz.
Қазір футбол клубын алу бойынша келісімшарттар жасалып, аяқталуға жақын қалған. Роналдо Луис Назарио де Лима бұл клуб үшін 30 млн еуро төлеуге дайын, егер бәрі сәтті аяқталса ол ол клубтың президенті әрі басты акционері атанады.
Спорт24.Ru мәліметінше, келісімшартты рәсімдеудің егжей-тегжейлігі екі-үш аптада реттеледі. Осының арқасында "Вальядолида" клубы қарыздарынан құтылу мүмкіндігіне ие болмақ. Жақында ғана испан футболының жоғары дивизионына шыққан бұл клубтың қарызы 25 мллион еуроға тең.
Клубтың қазіргі басшысы Карлос Суарес клубттың бас директоры болып қызмет ете береді.