Өскеменде трамвай түтіндеді
![altaynews.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.08.2018 21:05](https://kaz.zakon.kz/pbi/WEBP/2023-12-20/file-446d2256-77e5-4be4-a687-b1b5c4f22723/800x452.webp)
«Жолаушыларды тасымалдау басқармасының орталығы» ЖШС болған жайдан хабардар екенін айтқанымен, оқиғаның себебін атай алмады.
Өскеменде трамвай түтіндеді. Қоғамдық көліктің ішінде болған адамдардың зәрі-құты қалмаған көрінеді, деп хабарлайды Алтайньюс.
Оқиға таңғы 9.00 сағат шамасында, «Ауруханалар кешені» аялдамасының маңы, яғни Абай даңғылы мен Ворошилов көшесінің қиылысында болған. Әзірге өрттің болған-болмағаны белгісіз.
«Жолаушыларды тасымалдау басқармасының орталығы» ЖШС болған жайдан хабардар екенін айтқанымен, оқиғаның себебін атай алмады.
– Нақты мәлімет әзірге жоқ. Бірақ ол жерде дәнемедей ештеңе болмаған. Оқиға орнын мамандар қарап шығады. Сол кезде мәселенің себеп-салдары анықтала жатар, – дейді орталықтың директоры Владимир Панков.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript