Алдағы күндері суық антициклон Қазақстанның барлық облысына таралады

bnews.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.09.2018 18:20 bnews.kz
Ал түнгі температура солтүстік, орталық және шығыс облыстарында қатқаққа дейін төмендейді.

Қазақстанға қыркүйектің алғашқы күндері Карск теңізі аумағынан басып кірген суық ауа массалары республиканың көптеген облысында температураның төмендеуіне ықпал етеді, деп хабарлайды Zakon.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.

Ал түнгі температура солтүстік, орталық және шығыс облыстарында қатқаққа дейін төмендейді.

Алдағы үш тәулікте суық және үлкен антициклон Қазақстанның барлық облысында таралатын болады, сондықтан қатқақ ел аумағына түгел таралады.

Республиканың көптеген облысында ауа температурасы климаттық нормадан 3-5°С төмен болады деп болжанады. Тек батыста қалыпты температурадан 2-4°С жоғары болады.

Түнгі және таңғы уақыттарда солтүстік, орталық және шығыс облыстарда тұман түседі.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін еліміздің Солтүстік өңірінде күн салқындайтыны туралы хабарлаған болатынбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: