Алдағы күндері еліміздің барлық өңірінде күн жылынады

Stan.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.04.2018 21:31 Stan.kz
Тек республиканың батыс облыстарында жаңбыр және сулы қар түріндегі жауын-шашын түсіп, ауа температурасы төмендейді.

Алдағы үш күнде Қазақстанға жылжып келе жатқан антициклонға байланысты республиканың басым аймақтарында жауын-шашынның тоқтап, ауа температурасы көтерілуі ықтимал, деп хабарлайды Zakon.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.

"21 сәуірге қарай оңтүстікте және оңтүстік-шығыста күндізгі температура 18-23 градусқа дейін, шеткі оңтүстікте 25-28 дейін, шығыста және орталықта 13-21 дейін көтеріліп, солтүстікте 10-18 дейін жылынады.

Тек республиканың батыс облыстарында кезекті суық фронттың өтуіне байланысты жаңбыр және сулы қар түріндегі жауын-шашын, температураның төмендеуі күтілуде. Төмендеуіне қарамастан, алдағы үш күнде батыс аймақтарда температура орта көпжылдық мәнге жуық болады", - делінген баспасөз хабарламасында.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: