Сағынтаев: Салынып жатқан үйлердің бірінші қабатына емхана мен балабақшаларды орналастыру керек
baribar.kz
Елімізде денсаулық сақтау ұйымдары жеткілікті түрде дамып келеді.
Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев ҚР Үкіметі отырысында салынып жатқан үйлердің бірінші қабаттарында шағын медициналық мекемелер құру мәселесін қарастыруды тапсырды, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
«Бізде денсаулық сақтау ұйымдары жеткілікті дамыған, оны өздеріңіз жақсы білесіздер. Дегенмен де, халық әлі де сапалы медициналық көмек ала алмай келеді. Әсіресе, ауылдық жерлерде. Барлық негізгі себептер белгілі, министр бұл туралы жаңа ғана айтып берді. Медициналық көмектің сапасын арттыру бойынша ұсынылған шаралар қабылданды», - деді премьер-министр.
Министрлер кабинетінің басшысы Денсаулық сақтау министрлігіне өңірлермен бірге ұсынылған шаралардың тиімді орындалуын қамтамасыз етуді тапсырды.
"Әсет Исекешев (Астана қаласының әкімі) жеке кәсіпкерлерді тарту арқылы жұмыс жүргізу бойынша жақсы ұсыныс жасады. Сондай емханалардың санын арттыру, бір дәрігерге жүктелген науқастардың санын төмендету бойынша жақсы жұмыс. Астанада жақсы жұмыс жүргізіліп жатыр. Кеше Солтүстік Қазақстан облысының Петропавл қаласында болдық. Жаңадан шағын аудан салынып жатыр, яғни, 600 жуық ескі үй ысырылып тастап, екі мыңға жуық пәтер салынады", - деді Сағынтаев.
Оның айтуынша, сол жердегі емханаларда жүктеме артады.
"Қарап отырсаңыз, егер, сол жердегі емханаға алты жүз адам тіркелсе, енді екі мың келеді. Яғни, жүктеме өседі. Салынып жатқан үйлердің бірінші қабаттарында шағын медициналық мекемелер құру керек. Бұл шараны барлық облыста жүзеге асыруға тиіспіз. Елбасы тапсырмасы бойынша осыны іске асыруларыңыз керек. Олардың ешбірінде бұл қарастырылмаған. Бәрін бақылауға алуыңызды сұраймын. Асқар Ұзақбайұлы (Мамин, премьер-министрдің бірінші орынбасары) жаңадан салынатын үйлердің жобасы жасалынған кезде ең алдымен төменгі қабатына халық үшін балабақша мен емханаларды орналастыру жайын қарастыру керек", - деді премьер.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript