Қуат Хамитов Головкин қандай жағдайда жеңіске жететінін айтты
bnews.kz
"Найманның" пікірінше, Головкин Альваресті бір рет нокдаунға жіберетін болса, жеңіске жетеді.
Танымал ережесіз жекпе-жек шебері Қуат Хамитов 15 қыркүйекте Лас-Вегаста өтетін қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль Альварестің екінші жекпе-жегіне қатысты пікірін білдірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
"Кім жеңетінін айту қиын, өйткені алғашқы жекпе-жекте екеуі де қарсыласын сезіне білді, қателіктерін көрді. Екінші жекпе-жекте олар едәуір сақ жүреді және бір-бірінен қорықпайды деген пікірдемін. Бұған дейін екі нокдаун жайлы айтқан едім, алайда егер Геннадий алғашқы жекпе-жектегідей алға ұмтылып, "Канелоны" нокдаунға жіберетін болса, ол жеңеді деп ойлаймын. Альварес көп қимылдап, көп соққы жасаса керек", — дейді ММА шебері.
Хамитов атап өткендей, алғашқы жекпе-жектің басында мексикалық сергек көрінгенмен соңына қарай шаршап қалып, қашып жүрді, есесіне көп соққы жіберіп алды.
"Қос боксшының командасы осыдан қорытынды шығарып, қателерін түзейді, сондықтан бізді тамаша жекпе-жек күтіп тұр. Меніңше, бұл жыл-жекпе жегі болады", — деп пікір білдірді "Найман".
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript