Жаңалықтар тізбегі
0

«7-20-25»: Алғашқы жарна салымы төмендейді

ҚазАқпарат, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.09.2018 16:25 ҚазАқпарат
«Жас арман» және «Қамқор баспана» өнімдері бірінші болып Шымкент қаласында пилоттық режимде жұмыс істей бастады.

«Баспана» ипотекалық ұйымы жас отбасылар мен бюджеттік сала қызметкерлеріне қаржылық жүктемені азайту мақсатында алғашқы жарна көлемін екі есеге дейін азайтпақ. Бұл туралы ҚазАқпарат Ұйымның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Жас арман» және «Қамқор баспана» өнімдері «Баспана» және жергілікті атқарушы органдар арасындағы ынтымақтастыққа негізделіп, аталмыш санаттағы азаматтарға «7-20-25» ипотекасының алғашқы жарнасын екі есеге азайтуды қарастырады. Жергілікті атқарушы органдар облигациялар шығарады және халықтың аталған санаты үшін бастапқы жарнаның жартысын субсидиялауға міндеттенеді. Өз кезегінде Баспана әкімдіктер облигацияларын сатып алып, «7-20-25» бағдарламасына қатысатын банктермен халықтың осы категориясын несиелендіруді қамтамасыз етеді.

«Біз «7-20-25» бағдарламасына жас отбасылар мен бюджеттік сала қызметкерлерінің қатысуына орасан зор мән береміз. Олар тарапынан алғашқы жарнаны жинаудың қиындығы жөнінде көптеген пікірлер келіп түсті. Сол себепті, қолдау мүмкіндіктерін барынша қарастырдық. Мұндай әлеуметтік шешімдерді іске асыру үшін әкімдіктер тарапынан қолдау күтеміз», - деді «Баспана» ипотекалық ұйымының басқарма төрағасы Қайрат Алтынбеков.

«Жас арман» және «Қамқор баспана» өнімдері бірінші болып Шымкент қаласында пилоттық режимде жұмыс істей бастады.

Естеріңізде болса, тамыз айының басында бірқатар бұқаралық ақпарат құралдары мемлекеттік қызметкерлердің «7-20-25» бағдарламасына қатысу үшін алғашқы жарнаны жинау қиындықтарына тап болып, шағымданғаны жөнінде жазған болатын.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: