Жаңалықтар тізбегі
0

7-20-25: Ақтөбеде алғашқы жарна екі есеге азаймақ

Хабар 24, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.09.2018 23:27 Хабар 24
Жас отбасылар мен Ақтөбе облысының бюджеттік сала қызметкерлері «7-20-25» бағдарламасы бойынша пәтер құнының 10%-ын ғана төлеп, үй алу мүмкіндігіне ие болады.

Ақтөбе облысында «7-20-25» бағдарламасының аясында «Жас арман» және «Қамқор баспана» өнімдеріне қосылды, деп хабарлайды Хабар 24.

Бүгін Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев пен «Баспана» ипотекалық ұйымының басшысы Қайрат Алтынбеков тиісті меморандумға қол қойды, деп хабарлайды «Баспана» Ипотекалық ұйымының баспасөз қызметі.

Осылайша, жас отбасылар мен Ақтөбе облысының бюджеттік сала қызметкерлері «7-20-25» бағдарламасы бойынша пәтер құнының 10%-ын ғана төлеп, үй алу мүмкіндігіне ие болады.

Меморандумға сәйкес Ақтөбе облысының әкімдігі аталған азаматтарға бастапқы жарнаның жартысын төлеуді өз мойнына алады және осы мақсатқа 2 млрд теңге бөледі.

«Ақтөбе облысының әкімі мен «Нұр Отан» партиясына бастапқы жарнаны азайту бойынша әлеуметтік бастамаларды қолдағаны үшін алғысымды білдіргім келеді. Облыс қарқынды дамып келеді және «7-20-25» бағдарламасына қатысушылардың саны бойынша көшбасшылардың бірі. Қазіргі уақытта біз «Нұр Отан» партиясымен бірлесе отырып, еліміздің басқа өңірлерінде де осы бастамаларды жүзеге асыру бойынша жұмыстар жүргізіп жатырмыз», - деді «Баспана» ипотекалық ұйымының басшысы Қайрат Алтынбеков.

Естеріңізге сала кетейік, Ақтөбе «7-20-25» бағдарламасы бойынша бастапқы жарнасы азайған екінші аймақ болып отыр. Бұған дейін Шымкент қаласында «Жас Арман» және «Қамқор Баспана» өнімдері пилот ретінде іске қосылған еді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: