СҚО-да жол жөндеуге бөлінген қаржы жымқырылды

www.24.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.09.2018 20:16 www.24.kz
Қазір аталған іске қатысты Қылмыстық кодекстің 189-бабы бойынша тиісті іс қозғалды.

Солтүстік Қазақстан облысында мемлекет қаржысы талан-таражға салынды. Мемлекеттік кірістер департаментінің мәліметінше, биыл тек жол құрылысы саласында осындай 7 факт анықталған. Бұл туралы zakon.kz, Хабар 24 жазған ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

Қазір аталған іске қатысты Қылмыстық кодекстің 189-бабы бойынша тиісті іс қозғалды.

Айта кетейік, өңірде осы жылы бюджет қаржысын жымқырудың 40-қа жуық әрекеті әшкереленді.

Нұрымжан Абатов, облыстық Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары: - Автомобиль жолдары мен ғимараттарын салуға байланысты 7 қылмыстық іс қозғалды. Мемлекетке келтірілген шығын 150-200 миллион теңгені құрап отыр. Бүгінгі күні бірқатар іс сотқа жіберілді. Қалғандары бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: