Жаңалықтар тізбегі
0

Таиландтағы жағажайда улы жыландар қаптады

Stan.kz Stan.kz
Өткен аптада құтқарушылар Патонг жағажайынан екі өлі жыланды тапқан.

Таиландтың Пхукет аралындағы жағажайда улы теңіз жыландары пайда болды, деп хабарлайды Stan.kz.

Жергілікті тұрғын Хомсан Фансангиам бір апта бұрын Най-Янг жағажайынан қауіпті жыланды тауып алған. Ол улы теңіз жыланын видеоға түсіріп алыпты.

«Мен улы жыланды Пхукет халықаралық әуежайына жақын орналасқан Най-Янг жағажайында сағат 3-4-тердің шамасында тауып алдым. Не істерімді білмей қалдым. Бұл жерлерде улы жыландардың пайда болғанын туристердің білгенін қалаймын», – дейді Фансангиам.

Ал бас құтқарушы Патонг-Бичтің сөзінше, өткен аптада құтқарушылар Патонг жағажайынан екі өлі жыланды тапқан.

«Демалушы адамдар бұл жағдай үшін алаңдамай-ақ қойса болады. Себебі біз олардың қауіпсіздігін қадағалаймыз», – дейді ол.

Phuket Lifeguard Club клубының президентінің сөзінше, әдетте теңіз жыландары кейде жағажайда пайда болып тұрады. Олардың көбі өліп қалған. Себебі құрғақ жердегі өмірге бейімделмеген. Алайда олар улы болғандықтан, адамдар сақтық танытуы керек, дейді ол.

«Оларға тиіспеңіздер және жыланды түртіп көру үшін таяқты қолданбаңыздар. Теңіз жыланы шағып алған жағдайда, бірден құтқарушыға хабарлаңыз. Ол алғашқы көмек көрсетеді», – деп ескертті Phuket Lifeguard Club клубының президенті.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: