Жаңалықтар тізбегі
0

Ол белсенді әрі креативті ұстаныммен ерекшеленеді - Назарбаев Исекешев туралы

akorda.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.09.2018 19:06 akorda.kz
Елбасы еліміздің экономикалық өсімін және халықтың әл-ауқатын одан әрі арттыру ісінде Президент Әкімшілігінің басты рөл атқаратынын атап өтіп, оның алдағы кезеңге арналған жұмыстарының негізгі басымдықтарын белгілеп берді.

Мемлекет басшысы Президент Әкімшілігінің басшылық құрамымен кездесті, деп хабарлайды Zakon.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Елбасы кездесу барысында Әділбек Жақсыбековке Президент Әкімшілігінің басшысы лауазымында және басқа да мемлекеттік қызметтерде атқарған жұмысы үшін алғыс айтып, оның Қазақстан Республикасы мемлекеттілігін қалыптастыру және дамыту ісіне зор үлес қосқанын ерекше атап өтті.

– Ұзақ жылдардан бері менімен бірге жұмыс істеп келе жатқан Әділбек Рыскелдіұлын жақсы білесіздер. Ол елорданың алғашқы әкімі болды, барлық лауазымды қызметтерде жауапкершілікпен әрі адал еңбек етті. Оған зор денсаулық пен табыс тілеймін, – деді Қазақстан Президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев жиынға қатысушыларға Президент Әкімшілігінің жаңа Басшысы Әсет Исекешевті таныстырды.

– Әсет Өрентайұлы менің көмекшім болды, министр, Премьер-Министрдің орынбасары қызметтерін атқарды. Ол бас қаламызда жұмыс істеген соңғы екі жарым жыл ішінде елордалықтардың жоғары бағасына ие болды. Ол белсенді әрі креативті ұстаныммен ерекшеленеді. Қазір бізге дәл осындай адам керек. Исекешев елордаға әкім болған уақытта біз «ЭКСПО-2017» көрмесін және Астананың 20 жылдығын абыроймен өткіздік. Әсет Өрентайұлы бұл міндетті де лайықты орындай алатынына сенімдімін, – деді Мемлекет басшысы.

Елбасы жиын соңында еліміздің экономикалық өсімін және халықтың әл-ауқатын одан әрі арттыру ісінде Президент Әкімшілігінің басты рөл атқаратынын атап өтіп, оның алдағы кезеңге арналған жұмыстарының негізгі басымдықтарын белгілеп берді.

– Аппараттың алдында бұған дейін қабылданған мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылуын және орындалуын қамтамасыз ету жөніндегі маңызды міндет тұр. Бүгінде жұмыс ауқымы өңірлік деңгейге ауысқанын ерекше атап өткім келеді және барлық деңгейдегі әкімдердің қызметін үйлестіру, олардың өзара ықпалдаса еңбек етуіне көмектесу қажет, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: