Үкімет басшысы Қазақстан халқын Конституция күнімен құттықтады

primeminister.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.08.2020 17:59 primeminister.kz
Мемлекетіміздің сенімді конституциялық негізі құрылымдық экономикалық реформаларды жүргізуге және халықтың әл-ауқатын одан әрі арттыруға барлық қажетті шараларды қабылдауға мүмкіндік береді.

ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин Қазақстан халқын Конституция күнімен құттықтады, деп хабарлайды zakon.kz.

Үкімет басшысының құттықтауы primeminister.kz сайтында жарияланды.

Құрметті отандастар!

Сіздерді еліміздің тарихындағы айтулы оқиға — Қазақстан Конституциясының 25 жылдығымен құттықтаймын!

Басты Заң Қазақстан Республикасының зайырлы, құқықтық және унитарлық мемлекет ретіндегі негіздерін бекітіп, еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен тұрақтылығының берік іргетасына айналды.

Мемлекетіміздің сенімді конституциялық негізі құрылымдық экономикалық реформаларды жүргізуге және халықтың әл-ауқатын одан әрі арттыруға барлық қажетті шараларды қабылдауға мүмкіндік береді.

Барша қазақстандыққа зор денсаулық, бейбіт өмір, амандық пен табыс тілеймін!

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: