Екі облыста дабылды ескерту жарияланды
![Baq.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.09.2018 23:51](https://kaz.zakon.kz/pbi/WEBP/2023-12-20/file-723809a3-70ea-4f80-9a21-64319c3e3a40/800x452.webp)
13, 14 қыркүйекте түнде Жамбыл облысының кей жерінде 2 градус үсік жүреді.
"Қазгидромет" РМК синоптиктері Солтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстарында дабылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Вaq.kz.
13 қыркүйек күндіз Солтүстік Қазақстан облысы бойынша батыстан, оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с, кей жерлерде екпіні 23-28 м/с болады.
Петропавл қаласында 13 қыркүйек күні күндіз батыстан, оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с, екпіні 25 м/с болуы мүмкін.
13, 14 қыркүйекте түнде Жамбыл облысының кей жерінде 2 градус үсік жүреді. 13 қыркүйекте тәулік бойы солтүстік-шығыстан жел соғады, кей жерде 15-20 м/с, екпіні 23 м/с болады. Кей жерде тұман түседі.
Тараз қаласында 13 қыркүйекте солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с болады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript