Жаңалықтар тізбегі
0

Елбасы түрік компанияларын Қазақстанда бизнестерін дамытуға шақырды

ҚазАқпарат, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.09.2018 20:15 ҚазАқпарат
Қазақстан Президентімен кездесуге Түркия экономикасының 15 пайызын құрайтын 25 компанияның басшылары қатысты.

Бүгін Түркияның бизнес капитандарымен кездесу барысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев оларды Қазақстанда бизнестерін дамытуға шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Инвестициялық ахуалды жақсарту бойынша кешенді жұмыс жүргізіп келеміз. Кәсіпкерлікті дамыту үшін заңнамаға тиісті өзгерістер де енгізілуде. Дүниежүзілік банктің «Doing business» рейтингінде Қазақстан 190 елдің ішінде 36-орынға ие болды. Қазақстан Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы Инвестиция комитетінің мүшесі, Халықаралық инвестициялар туралы декаларацияға қосылды», - деп атап өтті Елбасы.

Сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесі 20 жылдан бері тиімді жұмыс істеп келе жатқанына тоқталды. Аталған кеңеске дүниенің ең үлкен компанияларының басшылары кіреді.

«Менімен тікелей кездесуде біз барлық мәселелерді шешіп отырамыз. «Anadolu group» және «Sembol Constraction» компанияларының басшылары осы кеңестің мүшелері болып табылады. Инвесторлармен және бизнеспен тиімді өзара әрекеттесу мақсатында ISPAT түрік агенттігіне ұқсас «Қазақ инвест» ұлттық компаниясы құрылды. Маңызды салаларда металлургия, мұнай өңдеу, машина жасау, химия, азық-түлік өндірісі, инвестициялық жобаларды жүзеге асыру кезінде корпоративтік жер және мүлік салықтарынан босату қарастырылған. Мұндай жобалар үшін шетелдік жұмыс күшін тарту квотасыз және арнайы рұқсатсыз жүзеге асырылады. Жер қойнауына лицензияларды алу шарттарын жасасу тәртібі жеңілдетілді»,- деді Қазақстан Президенті.

Мұнан бөлек, Мемлекет басшысы жаңартылған энергия көздерін дамыту мақсатында аукцион арқылы инвесторларға кепілдендірілген off-take келісімшартқа инвестициялық жеңілдіктер қарастырылғанын айтты.

«Қазақстанда 11 арнайы экономикалық 24 индустриялық аймақ жұмыс істейді. Олардың қатысушыларына салық және басқа да жеңілдіктердің барлығы берілген. Түрік компанияларын Қазақстанда бизнестерін дамытуға тағы да шақырамыз», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Айта кетейік, Қазақстан Президентімен кездесуге Түркия экономикасының 15 пайызын құрайтын 25 компанияның басшылары қатысты. Аталған компаниялар ауыл шаруашылығы, тамақ өнеркәсібі, геология және тау-кен өндіру өнеркәсібі, химия өнеркәсібі, машина жасау, жеңіл өнеркәсіп, денсаулық сақтау және фармацевтика салаларында жұмыс істейді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: