Жаңалықтар тізбегі
0

Баланы мектепке 7 жастан берген дұрыс: Алтынай Жорабаева тәжірибесімен бөлісті

Stan.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.09.2018 23:02 Stan.kz
Төрт қыз тәрбиелеп отырған өнер иесі басынан өткен тәжірибесімен бөлісті.

Кеңестік кезеңде ата-аналар көбінесе балаларын 7 жастан мектепке беретін. Алайда уақыт өте келе бұл үрдіс өзгерді. Көптеген адамдар балаларын 6 жастан бастап мектепке бере бастады. Әсіресе, 12 жылдық оқу бағдарламасы енгізілгеннен кейін, ата-ана перзентінің уақытын үнемдеуді ойлап тұрады, деп жазады Stan.kz тілшісі.

Алайда әнші Алтынай Жорабаева олай ойламайды. Төрт қыз тәрбиелеп отырған өнер иесі басынан өткен тәжірибесімен бөлісіп, не себепті баланы 7 жастан мектепке беру дұрыс екенін түсіндірді.

“Көркемімді 7 жасқа толтырып барып жібердім мектепке. Шынында да Кеңес үкіметі білген екен ғой иә?! Сабағы жақсы қызымның. Астанаға көшіп келгелі үш жыл болады Алла қаласа. Бақшаға бармадық келгелі… Тек мамыр айында 1 ай ғана “Зердеге” дайындыққа барды. Ал жаз бойы демалды. Бірақ кітапты кәдімгідей жақсы оқып, бізге еркін xат жаза береді. Бұл дегеніңіз, нағыз сабақ оқуға дайын, жасы толған бала”, – деп түсіндірді Жорабаева.

Әнші тұңғышы Аяулым пысық әрі алғыр болғандықтан, 6 жасында мектепке беріпті. Алайда Аяулым қиналып қалған көрінеді.

“Ал ең қызығы, үлкен қызым Аяулым мен 3 -ші қызым Семанұрдың туған күні бір күнде. Екеуі де пысық, алғыр болғандықтан, Аяулымды 6 жастан беріп, ал Семанұрды 7 жастан бердім мектепке. Айырмашылығы жер мен көктей. Аяулым кішкене қиналып қалды. Ойнағысы келіп тұратын. Жалғыз өзін оқытса тақылдап, бәрін біліп отырады, ал класымен бірдей қараса, тез шаршап қалатын. Ал Семанұр жақсы үлгерді.

Айнарамды да 7 жастан беріп едім, ол да жақсы үлгерді. Әңгіменің қысқасы баланы 7 жастан берген дұрыс екен. Оның үстіне қазір бағдарлама қиындау, бұрынғыға қарағанда. Одан кейін қайда асығамыз деймін да. Мейлі 12 класс болса да. Бәрін өз орнымен жасаған дұрыс екен”, – дейді өнер иесі.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: