Жаңалықтар тізбегі
0

Ким Чен Ын Оңтүстік Корея президентін әуежайдан өзі барып қарсы алды

ҚазАқпарат, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.09.2018 17:37 ҚазАқпарат
Екі Кореяның басшылары ресми кездесуді түстен кейін өткізеді деп жоспарлануда.

Оңтүстік Корея Президенті Мун Чжэ Ин сейсенбі күні таңертең Оңтүстік Корея мен ҚХДР-дың үшінші тарихи саммитіне қатысу үшін Пхеньянға келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оңтүстік Корея президентін әуежайда тек ҚХДР-дың ресми өкілдері ғана емес, сондай-ақ, ел басшысы Ким Чен Ын мен жұбайы Ли Соль Чжу қарсы алды.

Мун Пхеньянға Оңтүстік Кореядан шамамен бір сағатта ұшып жетті.

Кейінірек, Мун мен Ким бірігіп Пэкхвавон солтүстіккореялық үкіметтік резиденциясына келді.

Оңтүстік Корея президенті Пхеньянға үш күндік сапары кезінде дәл осы ғимаратта тоқтайды деп күтілуде. Оңтүстік Кореяның бірінші ханымы Ким Чжон Сук резиденцияға Ли Соль Чжумен бірге автокөлікте келді.

Екі Кореяның басшылары ресми кездесуді түстен кейін өткізеді деп жоспарлануда.

Мун - Солтүстік Корея астанасына келген Оңтүстік Кореяның үшінші президенті. Бұл сапар АҚШ пен Солтүстік Корея арасында ядролық қарудан бас тарту жөніндегі келіссөздердің тоқтап қалуы аясында болып жатыр.

Оңтүстік Корея басшысы Пхеньянға үш күндік сапары кезінде жоғарыда аталған мәселе бойынша келіссөздерді жүргізуге делдалдық етуге тырысатынын айтты.

Елден аттанбас бұрын Оңтүстік Корея президенті АҚШ пен Солтүстік Корея арасындағы қарым-қатынасты қалпына келтіруге көмек қолын соза алған жағдайда ҚХДР-ға сарапы сәтті болатынын жеткізді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: