Бүгін елімізде ауа райы жауын-шашынсыз болады

alashakparat.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.09.2018 15:25 alashakparat.kz
Тек республиканың батысы мен шығысында атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты жаңбыр жауып, найзағай ойнайды,

Қазақстан аумағының басым бөлігінде антициклонның әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, деп хабарлайды Zakon.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.

Республиканың солтүстігі мен шығысының кей жерінде түнде және таңертең тұман түсуі ықтимал.

Солтүстік Қазақстан облысында күндіз жел 15-20, кей жерде екпіні 23-28 м/с, түнде және таңертең кей жерде тұман болады.

Шығыс Қазақстан, күндіз Ақмола облысының кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді, түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі.

Күндіз Қызылорда облысының кей жерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетіп, шаңды дауыл тұрады.

Күндіз Алматы облысы Алакөл көлі маңында жел 17-22 м/с күшейеді.

Жамбыл, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай облыстарында, күндіз Түркістан облысының кей жерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Павлодар облысының кей жерінде тұман түседі.

Қызылорда, Түркістан, Маңғыстау, Жамбыл, Атырау облыстарының басым бөлігінде, Батыс Қазақстан, Ақтөбе және Қарағанды облыстарының кей жерінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: