Бүгін Қазақстанда құбылмалы ауа райы сақталады

baq.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.06.2018 15:33 baq.kz
Атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты тек солтүстікте, оңтүстік-батыста құбылмалы ауа райы сақталады.

Кей жерде өткінші найзағайлы жаңбыр жауады, дауыл, желдің күшеюі, тұман болып, бұршақ жаууы ықтимал, деп хабарлайды Zakon.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.

Солтүстік Қазақстан облысында жел 15-20, екпіні 23-28 м/с күшейіп, кей жерде найзағай, дауыл болып, бұршақ жаууы мүмкін, түнде және таңертең кей жерде тұман күтіледі.

Ақмола, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарының, күндіз Ақтөбе, Павлодар, Қостанай облыстарының кей жерінде желдің күшеюі 15-20 м/с жетеді, Ақмола облысының кей жерінде түнде найзағай, Қостанай облысының кей жерінде тұман күтіледі.

Алматы облысының кей жерінде найзағайлы жаңбыр күтіледі. Күндіз Қарағанды облысының кей жерінде аптап ыстық күтіледі. Маңғыстау облысында өте жоғары өрт қаупі күтіледі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: