Алматы қаласы Әуезов ауданының жаңа әкімі тағайындалды

www.almaty.gov.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.09.2018 21:17 www.almaty.gov.kz
Әуезов ауданының жаңа әкімі мемлекеттік басқару органдарында едәуір тәжірибе жинақтаған.

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің және Алматы қаласы мәслихатының келісімімен Әуезов ауданының әкімі болып Әнуар Өскенбаев тағайындалды. Бұл туралы zakon.kz, Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі берген ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

Әуезов ауданының жаңа әкімі мемлекеттік басқару органдарында едәуір тәжірибе жинақтаған.

Әр жылдары Индустрия министрлігінде, 5 жылдан астам уақыт Есеп комитетінде қызмет атқарған. «Нұр Отан» партиясы Орталық аппараты ішкі аудит Қызметінің басшысы болған.

2015 жылы Алматы қаласы әкімінің аппарат басшысының орынбасары қызметіне тағайындалды. 2016 жылдан қаланың Тұрғын үй және тұрғын үй инпекциясы басқармасының басшысы болды.

Ол басқарма басшысы қызметін атқарған кезде ПИК мәселесіне қатысты заңға өзгерістер енгізілді, тұрғын үй қорын ұстауға қатысты Ереже қабылданды, «Е-КСК» жобасы жүзеге асты. ТҮКШ модернизациялау бағдарламасына орай 550-ден астам үй жөнделді, соның ішінде 520 лифт.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: