Жаңалықтар тізбегі
0

Кәрістер Шығыстың емдік шөптеріне қызығып отыр

ezidri-master.com, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.09.2018 18:44 ezidri-master.com
Осы сала бойынша тиімді ынтымақтастық орнатуға болады деп санайды Корея елшісі Дэсик Ким.

Корея елшісі Дэсик Кимді қабылдаған Даниал Ахметов Қазақстан мен Корея арасында тығыз сауда-экономикалық қарым-қатынастар орнағанын, қос тарап та байланыстарды тереңдетуге мүдделі екенін жеткізді деп хабарлайды алтайньюс.

– Сізбен әр кездескен сайын екі жақ арасындағы серіктестік жаңа қарқын алады, – деп атап көрсетті аймақ басшысы.

Облысымыздағы брендті салалардың бірі – марал шаруашылығы. Дэсик Ким өңірімізде шығарылатын панты өнімдерімен кәрістердің жақсы таныс екенін және оның сапасын жоғары бағалайтынын атап айтты. Осы сала бойынша тиімді ынтымақтастық орнатуға болады деп санайды елші мырза.

Мұнымен қоса, Шығыс Қазақстан аумағында сан алуан емдік шөптер өседі. Соларды жинап, өңдеу жағына да Корея елі қызығушылық танытып отыр.

– Бұл бағытта жұмыс істеуге әзірміз, мамандарыңызды жіберіңіздер. Аталмыш сала бойынша өте тиімді серіктестік орнатуға болатыны анық, – деп қостады осы ойды Даниал Ахметов.

Өз кезегінде Дэсик Ким өңірімізге «Смарт фактори» деп аталатын кәріс компаниялары әзрлеген цифрландырудың тың технологиясын ұсынды. Аталған технология әсіресе өндірістік кәсіпорындарда өзін тиімді тұсынан көрсеткен екен.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: