Жаңалықтар тізбегі
0

Нұртөре Жүсіп кітапхана қызметкерлерінің жалақысын көтеруді ұсынды

видеодан кадр, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.03.2021 18:31 видеодан кадр
Сенатор еліміздің архив материалдарын сақтау үшін нысандар салу керек деп санайды.

Сенатор Нұртөре Жүсіп еліміздің кітапханалары мен мұрағаттарындағы бірқатар мәселелерді атап өтіп, осы саладағы қызметкерлердің еңбекақысын көтеруді сұрады. ол Сенат отырысында еліміздің Премьер-Министріне осындай депутаттық сауал жолдады, деп хабарлайды zakon.kz.

2020 жылғы 1 қаңтардан республикалық мәдениет ұйымдары қызметкерлерінің жалақысы өсті. Бұл басқарушы және негізгі персоналдарға ғана қатысты. Ал қосалқы персонал, инженерлер, программистер мен кітапханалардың функционалдық қызметін қамтамасыз ететін мамандар жалақысы көтерілмей қалған. Аймақтардағы кітапханашылар айлығы бұдан да төмен, - деді Нұртөре Жүсіп.

Сенатор кітапхана қызметкерлерінің жалақысын көтеріп қана қоймай, еліміздің архив материалдарын сақтау үшін нысандар салу керек деп санайды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: