Жаңалықтар тізбегі
0

ШҚО-да бюджетті миллиондап «жеп» жатқандар бар

Sputnik Казахстан, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.09.2018 19:10 Sputnik Казахстан
Сот үкімімен азаматтардың 79,9 млн-дық мүлкі тәркіленді.

ШҚО-да Экономикалық тергеу қызметі жыл басынан бері 94 құқық бұзушылықты анықтаған. Аталмыш фактілердің көпшілігі – бюджет қаржысын қымқыруға қатысты, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

ШҚО бойынша мемлекеттік кіріс департаменті экономикалық тергеу қызметінің мәліметтеріне сүйенсек, бюджетті миллиондап «жеп» жатқандар бар. Тек «Жол картасы халықты жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы бойынша ғана 19 іс қозғалған. «Кәсіпкер» бағдарламасы бойынша – 4 іс, «Агробизнес-2020» және «Балапан» бағдарламалары бойынша – екі-екі істен, «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша – 1 іс, денсаулықсақтау төңірегінде – 1 іс қозғалған.

Осылардың біріне мысал келітсек, «Досжан темір жолы» АҚ-ның бұрынға лауазымды тұлғаларына қатысты жүргізілген тергеу жұмыстары. Аталмыш азаматтар Шар-Өскемен желісінің аумағындағы жол жұмыстарына бөлінген 94 миллион теңгені тып-типыл еткен. Сот үкімімен азаматтардың 79,9 млн-дық мүлкі тәркіленді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: