Өз қызын пышақтаған ер адамға қатысты сот процесі басталды
caravan.kz
Тергеу барысында ер адам жасаған қылмысын толық мойындаған.
Шымкентте ер адам өз қызын пышақтап тастаған. Осы қылмыстық іске қатысты Абай аудандық сотында сот процесі басталды деп жазады отырар.
Әкесі 28 жастағы қызын ашу үстінде асхана пышағымен жарақаттаған. Нақтырақ айтқанда, кикілжің кезінде қызының арқа тұсынан екі рет пышақпен соққылаған.
1960 жылы туған, Қазығұрт шағынауданының тұрғынына ҚР ҚК — нің 106 бабының 1-ші бөлігімен айып тағылып отыр. Тергеу барысында ер адам жасаған қылмысын толық мойындаған.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript