Израиль премьер-министрі Иранды атом қаруын жасап жатыр деп айыптады
Хабар 24
Мұндай мәлімдемені Израиль үкімет басшысы БҰҰ Бас Ассмблеясының отырысында жасады.
Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху Иран Тегеранда тағы бір құпия нысанда ядролық қару жасап жатыр деп айыптады. Бұл туралы Хабар 24 хабарлайды.
Мұндай мәлімдемені Израиль үкімет басшысы БҰҰ Бас Ассмблеясының отырысында жасады. Оның айтуынша, екінші құпия орын Тегерандағы «Туркузабад» ауданында орналасқан. Бұл туралы тек кей барлау органы мен Халықаралық атом энергиясы жөніндегі агенттіктің бірқатар қызметкері ғана білген. Ал әлем қауымдастығына алғаш рет ашылып отыр. «Онда ядролық жобамен байланысты 300 тоннадай материал мен жабдық бар», – деді ол. Алайда Иран Сыртқы істер министрінің орынбасары Аббас Аракчи бұл айыпты қисынсыз деп, жоққа шығарды.
– Мен МАГАТЭ басшысынан бұл құпия орынды дереу тексеруге шақырамын. Халықаралық агенттік қалаған уақытта кез келген жерді тексеруіне болады деп келісілген. Сондықтан қазір қауіпсіздік мақсатында осы нысанды бақылауға алуды ұсынамын, - деді Израиль Премьер-министрі Биньямин Нетаньяху.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript