Жаңалықтар тізбегі
0

Назарбаев ТМД елдерін сауда-экономикалық қатынастарды кеңейтуге шақырды

akorda.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.09.2018 20:12 akorda.kz
Қазақстан Президенті ғылыми-ғарыш, цифрландыру және туризм салаларындағы бірлескен жобаларды іске асыруға назар аударды.

Нұрсұлтан Назарбаев Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше елдер басшылары кеңесінің отырысына қатысты, деп хабарлайды Zakon.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Отырыста Мемлекет басшысы ТМД аясындағы қарым-қатынастарды нығайту мен дамыту үшін атқарылған жұмыстардың нәтижелеріне тоқталды.

Нұрсұлтан Назарбаев ұйымды реформалау және Достастықтың тұжырымдамалық құжаттарын жаңарту жолында қолға алынып жатқан шаралардың тиімділігін атап өтті.

Қазақстан Президенті мемлекетаралық қатынастарды одан әрі тереңдетуге септігін тигізетін бірқатар перспективті бағыттарға назар аударды.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.09.2018 20:12

Атап айтқанда, Мемлекет басшысы ТМД-ның экономикалық негізін нығайту және елдер арасындағы сауда кедергілерін жоюға бағытталған шаралар қабылдау қажеттігі туралы айтты.

Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев сауда-экономикалық қатынастарды кеңейту және ТМД-ға мүше барлық елдердің көлік-транзит әлеуетін пайдалану жөніндегі мәселелерге тоқталды.

Қазақстан Президенті ғылыми-ғарыш, цифрландыру және туризм салаларындағы бірлескен жобаларды іске асыруға назар аударды.

Мемлекет басшысы Қазақстанда құрылған «Астана» халықаралық қаржы орталығының ерекшеліктері жөнінде әңгімелеп, ТМД-ға мүше елдердің бәрін Қаржы орталығының жұмысына белсенді атсалысуға шақырды.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.09.2018 20:12

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: