Дүйсенбі күні еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады
Дүйсенбіде атмосфералық ағымдардың өтуіне байланысты еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады, оңтүстікте найзағай жарқылдайды. Кей аймақта жел күшейіп, солтүстік-батыста және шығыста тұман түсуі мүмкін, деп хабарлайды Zakon.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.
Шығыс Қазақстан облысында түнде және таңертең кей жерде тұман түседі. Күндіз жел жылдамдығы 15-20 м/с, екпіні 23 м/с дейін күшейеді.
Aлматы облысы Жалаңашкөл ауданында жылдамдығы 17-22 м/с болатын жел соғады.
Түнде Қызылорда облысының кей жерінде найзағай болады.
Aқмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, күндіз Павлодар, Қарағанды, Түркістан облыстарының кей ауданында желдің екпіні 15-20 м/с күшейеді.
Aқтөбе облысынің кей жерінде тұман түседі.
Түркістан, Қызылорда облыстарында, Жамбыл, Aлматы, Aтырау, Aқтөбе, Қарағанды облыстарының кей жерінде жоғары өрт қаупі сақталады.