Атырауда әйелдерді жыныстық қатынасқа түсуге мәжбүрлеген еркек ұсталды
Атырауда қыз-келіншектерді бопсалау арқылы жыныстық қатынасқа түсуге мәжбүрлеген ер адам қамауға алынды. Бұл туралы zakon.kz, Хабар 24 арнасы жариялаған ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.
Теріс діни ағымның жетегінде жүрген 24 жастағы азамат өзінен анағұрлым үлкен әйелдер мен кәмелеттік жасқа толмаған қыздармен әлеуметтік желі арқылы танысып, сеніміне кіріп алғаннан кейін ойына келгенін істеген.
Ол өз құрбандарының фото, бейне кадрларын қолына түсіріп алысымен, «туыстарыңа болмаса әлеуметтік желілерге саламын» деп қорқытып-үркіту арқылы дегеніне жетіп отырған.
Олардың қатарында 15-16-дағы мектеп жасындағы қыздар да бар. Қазір бұл дерек бойынша іс көтеріліп, тергеу амалдары жүріп жатыр.