Жаңалықтар тізбегі
0

Сабақ оқысын деп қызының телефонын алып қойған әйел түрмеге түсіп қалды

Sputniknews.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.10.2018 18:37 Sputniknews.kz
Телефонды тастамайтын қызын тәрбиелемек болған әйел ұрлық жасағаны үшін айыпталды. Арызды бұрынғы күйеуі берген.

АҚШ-та 15 жастағы қызының телефонын алып қойған әйелдің басы бәлеге қалды, жасөспірімге смартфонды әкесі Рождество мерекесіне сыйға тартқан екен, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Мичиган штатында тұратын әйел сабақ оқысын деп қызының телефонын алып қойған. Алайда әдеттегі тәрбиелеу шарасынан кейін Джоди Мэй қамауға алынды. Полиция қызметкері оның үйіне келіп, ұрлық жасағаны үшін айыптап, қолына кісен салған.

"Бұл мәселе неліктен насырға шауып кетті және бұған қалай жол берілді деген сұраққа жауап алғым келеді. Мен өз баламды тәрбиеледім, не үшін қолыма кісен салды?", — дейді ашынған ана.

Джоди түрмеге жабылды, онда ол бірнеше сағат отыруға мәжбүр болды, одан кейін әйелді 200 доллар кепілдікпен босатқан. Кейінірек Джодидің "ұрлық" жасағанын бұрынғы күйеуі хабарлағаны анықталды. Ұялы телефон оның қызына алып берген рождестволық сыйлығы болып шықты, ер адам қызын қатал анасынан осылай қорғамақ болған көрінеді.

Істің мән-жайы анықталғаннан кейін сот Джодиге тағылған айыптардың күшін жойды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: