Жаңалықтар тізбегі
0

Төреғали: Қашанғы өтірік мәдениетті адам болып жүремін

Stan.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.10.2018 17:26 Stan.kz
Төреғали өзінің теріс қасиеттерін жоққа шығармайды.

Төреғали Төреәлі жақында тырнақалды фильмін жарыққа шығаруға дайындалып жатыр. Кинокартина Ұлы дала баласының өз өміріне ұқсайды. Өнер иесі, әсіресе киноның сценарийін Павлодардағы даулы оқиғадан кейін жан-тәнімен ұғынғанын айтады. Фильмде әйгілі “жұлдыз” Төреғалиді бір күн ішінде ешкім танымай қалады екен, деп жазады Stan.kz.

“Ешкім танымай қалмаса да, одан зорын бастан өткердім”, – дейді Төреш.

Бір қызығы, жұрт “мәдениетсіз” деп сөккен Төреғали өзінің теріс қасиеттерін жоққа шығармайды. Бұл туралы ол Зарина Муслимнің “Сөккен әңгіме” бағдарламасында толығымен айтып берді.

“Шынайылық деп жүріп, ең шынайы бет бейнемді көрсеткен сияқтымын. Оны қашанғы жасырып жүремін? Өзім сондай болсам, қашанғы өтірік мәдениетті, тәрбиелі адам болып жүремін деп ойлаймын кейде”, – дейді Төреғали.

Ұлы дала баласының айтуынша, сахнада да тура солай. Бұл орайда ол тек өзі ұнататын әнші бикештермен дуэт құрғанын мысалға келтірді.

“Қасыңдағы серіктес қызды жақсы көрмейсің, бірақ сен оны жақсы көретіндей ойнау керексің. Халық айна ғой. Көзі қырағы көрермен өтірік істеп тұрғаныңды байқап қалады. Қанша суайт болсаң да, кішкентай ғана мейірімің мен жүрегің болса да, халық соны көреді деп ойлаймын. Баяғыда Айнұрмен айтыс болған кезде жұрт “мына бала Айнұрға өле ғашық екен” деп шықты.

Еркені жек көргеннен дуэт айтасың ба? Жақсы көргеннен айтасың. Мөлдір, мысалы. Мен дуэт айтқан қазақ қыздарының осалы жоқ деп ойлаймын. Елдің сүйікті әншілері болғаннан кейін, мен де елдің бір өкілімін. Халықтың талғамы қандай болса, менікі де сондай”, – дейді әнші.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: