Жаңалықтар тізбегі
0

БҚО-да тексерілген тағамның 12% тиісті талаптарға сай емес

www.24.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.10.2018 15:56 www.24.kz
Жергілікті тауар өндірушілердің өнімдері де кемшіліктен құр болмай шықты.

Батыс Қазақстан облысында жыл басынан бері тағам түрлерінен алынған 3 мыңға жуық сынаманың 12 пайызы тиісті талапқа сай болмай шықты. Әсіресе Еуразиялық одақ елдерінен келетін азық-түліктегі мәліметтің мемлекеттік тілде болмауы, өндіруші мен оны сатушы тарапынан өнімнің шыққан күні жайлы жалған ақпараттың жазылуы жиі кездескен. Бұл туралы zakon.kz, Хабар 24 арнасы жариялаған ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

Сондай-ақ ресейлік сүт және құс өнімдерінен сальмонелла таяқшалары мен энтеропатогенді микроағзалар табылған. Ал сиыр етінен жасалған жартылай фабрикат өнімдерде доңыздың ДНҚ-сы анықталған. Бұл бойынша тиісті материал Ішкі істер департаментіне жолданды.

Жергілікті тауар өндірушілердің өнімдері де кемшіліктен құр болмай шықты. Соңғы тексеріс нәтижесінде 10-ға жуық сынамада ішек таяқшалары бар екені анықталды. Барлығы 100-ден астам ұйғарым беріліп, 700 мың теңге айыппұл салынған.

Гүлбақыт Наурызалина, облыстық Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің бөлім басшысы: - Көбінесе жергілікті тағамдардан, кулинарлық тағам өнімдерінен, салат, сушиден ішек таяқшалары анықталып жатыр. Егер де біз тексеріс барысында сәйкес емес өнімдерді анықтайтын болсақ, оларды жеке кәсіпкердің қатысуымен бірге жоямыз. Және айыппұл салынады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: