Ақтөбе облысында кісі өлтіру қылмысы екі есеге көбейген

www.24.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.10.2018 18:10 www.24.kz
Із-түзсіз жоғалған 68 азамат табылған. Оның да жетеуі кәмелеттік жасқа толмағандар.

Сондай-ақ кісі дүниесіне қол сұғушылық 20 пайызға артып отыр. Бұл туралы zakon.kz, Хабар 24 арнасы жариялаған ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

«Бұл – өткен тоғыз айдың қортындысында анықталған деректер», – дейді облыстың бас полицейі Махамбет Әбисатов. Дегенмен тыныштық күзетшілерінің кешенді іс-әрекеті арақасында кейбір қылмыс түрлерінің беті қайтқаны байқалады.

Атап айтқанда, автокөлік ұрлау дерегі – үштен бірге, суық қаруға қатысты қылмыстар – 1,5-2 есеге, сондай-ақ алаяқтық пен ауыр қылмыстар айтарлықтай азайған.

Жыл басынан бері құқық қорғау органдары өткізген іс-шаралар нәтижесінде іздеуде жүрген 75 қылмыскер анықталса, оның 11-і халықаралық іздеу жарияланған азаматтар.

Із-түзсіз жоғалған 68 азамат табылған. Оның да жетеуі кәмелеттік жасқа толмағандар.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: